"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беруде жаңашылдық қажет.

18.03.2017

    Білім беруде жаңашылдық қажет.      

Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы

бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.

Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу

тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу

қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл

білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.      

      

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  биылғы « Қазақстанның Үшінші жаңғыруы:

жаһандық бәсекеге қабілеттілік » атты Жолдауында « Ең алдымен, білім беру

жүйесінің рөлі  өзгеруге тиіс.Біздің

міндетіміз - білім беруді  экономикалық

өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқу бағдарламаларын сыни ойлау

қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», дей

келіп, мұғалім деңгейін көтеруді, ауыл мектебі мен қала мектебінің арасындағы

алшақтықты азайтуды тапсырды.                                                           

                                                                        

        Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім

ретінде даму - уақыт талабы. Жаңашыл ұстаз ретінде көрініп, заман ағымына сай

шәкірттерге мемлекеттік тілді меңгертетін тіл маманы болуы үшін жаңа әдістер

қолданудың тиімділігі өте зор.Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын

сабаққа енгізу бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы шарт. Себебі,

елімізге заман талабына сай ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін ,

белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. 

       Меніңше, жаңа заман мүғалімі

өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде

үйлестіре отырып дарытуы керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, алған

білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру - ұстаз қолында.    

                                                            

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Галиева Б.Д.  

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст