ЦППР 9-11 сынып

9–11 сыныптарда ЦППР аясында ата-аналармен «Тұлға – адамгершілік құндылықтар негізіндегі өзін-өзі дамытудың нәтижесі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында ата-аналар «Отбасылық компас» құрып, өзін-өзі дамыту тақырыбында пікір алмасты, «Бала үшін жасап қою емес, қолдау көрсету» практикалық жаттығуын орындады, сондай-ақ «Адамгершілік тәрбиенің формуласы» тапсырмасын толықтырды.

Кездесу соңында ата-аналарға «Балаңыздың өзін-өзі дамытуын қолдаудың 7 тәсілі» атты жадынамалар таратылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ата-аналарға баланың дербестігін, жауапкершілігін және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын қолдаудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.