ЦППР 1-4 сынып
Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау
ЦППР жұмысы аясында 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және сенімді қарым-қатынас орнату мәселелері талқыланды. Ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы алаңдататын белгілерді дер кезінде байқап, оған қажетті қолдау көрсету бойынша ұсыныстар берілді.
Отбасында сенімге, өзара құрметке және эмоционалдық қауіпсіздікке негізделген орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
