"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Кодексі 05.07.2014 N 235-V ҚРЗ

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі" (ҚР ӘҚБтК)
* 2 бөлім. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
o 2-кіші бөлім. Ерекше бөлім
o 12 тарау. Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
127 бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау
1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-анасы немесе осы міндеттер жүктелген өзге адам, сол сияқты білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген өзге де ұйымның педагогы немесе басқа жұмыскері жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыр сұраумен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

128 бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделері мен наразылықтарын білдірудің өзге де нысандарына тарту, сол сияқты кәмелетке толмаған адамды қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделері мен наразылықтарын білдірудің көрсетілген нысандарында пайдалану -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Жаңартылған күні: 03.02.2022 10:44
Құрылған күні: 03.02.2022 10:44

Текст