"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!


2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау Ақмола облысы бойынша  2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсырылады.

1-сыныпқа жасы 6-ға толған және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

eGov.kz порталы арқылы өтініш берген кезде мыналарды дайындау қажет:
— ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
— баланың 3×4 көлеміндегі цифрлық фотосуреті;
№065/у “Профилактикалық егу картасы”;
№052-2/у “Бала денсаулығы паспорты”.

Ата-аналарға баламен алдын ала медициналық тексеруден өтіп, ЭЦҚ-ның жарамдылығын тексеріп, құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмау ұсынылады.

Сонымен қатар, білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы ұйымда оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар автоматты түрде сол ұйымның бірінші сыныбына қабылданады; баланы басқа білім беру ұйымына орналастыруға ниет білдірген қызмет алушылар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.


Текст