3 қыркүйек пен 16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдер күнінің атап өтілуіне орай мектебімізде тілдер апталығы өтті. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек – қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні болып атап өтілетіні бекітілген. Айтулы күннің ұлы ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келуі оның тұлғасына деген құрметтің белгісі. А.Байтұрсынұлы бар ғұмырын халқының тағдыры мен ана тілі үшін күреске арнаған. Ұлы тұлға қазақ әліпбиін жасап, графикасы мен орфографиясының негізін қалап келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған.
Тіл апталығы өтуінің мақсаты келесілер болды: біріншіден, толеранттылыққа тәрбиелеу, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру; екіншіден, Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; үшіншіден, оқушылардың танымдық әрекетіне деген қызығушылықты ояту.
Апталықтың ашылуы салтанатты жиыннан басталды. Оқушылар тілдің адам өміріндегі рөлін және ана тілінің маңыздылығы туралы білді.
Тіл апталығы аясында 4 қыркүйекте Қазақ тілі күні өтті. Пән мұғалімдерімен кітап көрмесі, мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, балалар ойындарға белсене қатысты. (Мухаш С.М., Наби Т.Б.)
5 қыркүйекте эстафетаны Ағылшын тілі күні қабылдады. Мерекелік атмосфера безендіруде, шығаршыл және қызықты тапсырмалар мен сайыстарда сезілді. Балдырғандар таңғажайып ағылшын әлеміне жол тартты. (Тюлепбергенова Л.С., Данильченко Л.А.)
6 қыркүйек бұл – Орыс тілі күні. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, орыс халқының мақалдары мен мәтелдерін еске түсірді. Үзілісте балалар орыс халық әндерінің сүйемелдеуімен «Ручеёк» ойынын ойнады. Күн шығармашыл атмосферада өтіп, оқушылар қызығушылық танытты.
9 қыркүйекте ағылшын тілі мұғалімдерімен ағылшын тілінен іс-шара өткізілді. «Spelling Beе» - орта буынның үздік оқушылары орфографиядан өздерінің білімдерін тексерді. (Тюлепбергенова Л.С.) «Find a word» - 4-6 сынып оқушылары ағылшын тілі әлеміне жол тартып, сөздік қорларын қайталап шықты. Айтылым дағдыларын практика жүзінде жетілдіріп, өздерінің білімдерін қызықты формада бекітті. (Данильченко Л.А.)
10 қыркүйекте 8 сыныпта «Ахмет Байтұрсынұлы – халық ұстазы» атты интеллектуалды ойыны өтті. Оқушылар ғалым, ұстаз, лингвист Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін көрсетті. (Мухаш С.М.)
11 қыркүйекте «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы ағартушы» атты іс-шара өткізілді. Оқушылар ұлт ұстазының өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқып, бірнеше мысалдардан көрініс көрсетіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды. Жауаптылар: тіл мұғалімдері.
12 қыркүйекте 5 сыныпта «Удивительный мир русского фольклора» атты іс-шара сауық кеші формасында өтті. Бесінші сынып оқушылары фольклордың шағын жанрларын қайталап, орыс халық ертегілері викторинасына қатысып, ән және частушкалар айтып, жаңылтпаштар оқыды. Іс-шара шығармашыл атмосферада өтті. (Евтух Л.Л.)
8 сыныпта «Слова и мысли» атты іс-шара өткізілді. Оқушылар оқыған шығармаларын талқылап, алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің көзқарастарын қорғады. Іс-шара достық атмосферада өтті. (Гудожникова В.В.)
13 қыркүйекте 6 сыныпта «Тіл жүйріктері» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілінің орфографиясына қатысты ережелер бойынша білімдерін тексеріп, әдебиеттен викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара айрықша достық атмосферада өтіп, балалар белсенділік танытты.
16 қыркүйекте тілдер апталығының нәтижелері салтанатты жабылуда қорытындыланды. Белсенді оқушылар мен сыныптарға мақтау қағаздары табысталды.
Жоспарланған барлық іс-шаралар өткізілді. Олар қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тіліне деген қызығушылықтың дамуына ықпал етіп, оқушылардың қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Апталық жақсы деңгейде өтіп, орта және жоғарғы буын оқушыларының іс-шараларға белсенді қатысуы байқалды. Аталған іс-шаралар оқушылардың Қазақстан халқының тілдік мұрасымен таныстыру үшін қажет.