Текст
Профориентатор 1–4 сынып оқушыларымен «Дәрігер мамандығы» тақырыбында қызықты әңгіме жүргізді. Оқушылар осы маңызды әрі игілікті мамандықтың ерекшеліктерімен танысып, дәрігердің қандай қызмет атқаратынын, адамдарға көмектесу және олардың денсаулығын сақтау үшін қандай қасиеттер қажет болатынын білді.
Балалар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті, тіпті өзін нағыз дәрігер ретінде елестетіп көрді. Әңгіме жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ақ халаттыларға деген құрметін арттырды.
