"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі және әдебиет пәнінен «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз» атты онкүндікті өткізу туралы Есеп "Заречный орта мектебі" Есіл ауданының білім беру бөлімінің облысы" 08.04.2019 ж. – 19.04.2019.

04.05.2019

Қазақ тілі және әдебиет пәнінен «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз» атты

                                      онкүндікті   өткізу туралы  

                                                 Есеп

         "Заречный орта мектебі" Есіл ауданының білім беру бөлімінің

                                                          облысы"

                                          08.04.2019 ж. – 19.04.2019.

 

 8 сәуір  күні . АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ. «оқушыларды  өз  тілін  сүюуге, оны құрметтеуге үйрету» атты қазақ  тілі  мен  әдебиеті пәнінің апталығына байланысты салтанатты  саптық жиын жоспарымен  таныстырылды. Апталықтың ашылу салтанатына жауапты қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері:  Мухаш С., Алтынбекова Г.А. Бұл іс- шараның  өз  деңгейінде  өткізді. Мектептің 1-қабаттағы дәлізіне  апталық туралы мәлімет жазылған тақта қойылды. Апталық аясында сыныптан тыс интеллектуалдық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Пән бойынша ашық сабақтарды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жоғары деңгейде өткізді. Апталыққа 1-11сынып оқушылары қатысты.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Мухаш Сандугаштың ұйымдастырумен «Қазақша сөйлейміз » атты интеллектуалдық сайыста 7-8 сыныптар арасында сыныптан тыс іс- шара өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, қазақ тілінде қаншалықты жақсы сөйлейтіндерің көрсетті. Сайыста «Жұлдыз» тобы женіске жетіп, мадақтамамен марапатталды.

 Бастауыш сынып арасында «Қазақшаңыз қалай?» деген тақырыппен байқау өткізілді. Байқау шарты бойынша оқушылар  бірінші ,  сөздердің қазақша аудармаларын айту, мақал-мәтелдердің жалғасын табу,   берілген тақырып бойынша 1 минут ішінде ең көп сөз айту, өз өнерлерін көрсету,яғни қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа оқу сияқты тапсырмаларды орындады.

«Көктем келді» сурет сайысын бастауыш сынып арасында  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мухаш С. ұйымдастырды. Сайысқа түскен сыныптар ішінде үздік суретшілер анықталды, оларды 1-2-3 орын иелендіріп, марапатталды.

 «Ойлы болсаң, озып көр» атты асық ату ойының  қазақ тілі пәні мұғалімі

Алтынбекова Г.А. бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. Ойын барысында оқушыларға ойынның ерекшелігі,  әдіс- тәсілдерді қолдану орны жайлы көптеген қызықты ақпараттар мен тапсырмалар берілді. Ойын жеңімпаздары марапатталды.

Пән бойынша 9-11 сыныпта пән мұғалімі Алтынбекова Г.А.«Қазақстанның сән апталығына қатысушылары» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа технологиялар қолданылып, өте тартымды өтті.
 Сонымен қатар  « Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз» атты шығарма  сайысына 5-8 сыныптар аралығында постр шығарма жұмысы тапсырылды  оқушылар өте белсенді қатысты. Апта соңында әр сыныпқа орындар иелендіріп, марапатталды.Апталықта жоспарланған іс- шаралармен ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті. Апталықтың өтілу сапасына пән мұғалімдер арасында талданып, сараптама жүргізе отырып, өз пікірлерін қосты.

 

 

Қазақ тілі және әдебиет пәні бірлестігінің  жетекшісі: Мухаш С. 
 

Просмотров: 654


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст