"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Заречный ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

03.03.2022

1. Жалпы ережелер

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 "Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар,ауылдық округтер әкімдерінің қызметін есепке алуды қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен бекітілген, "Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Заречный ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 2021 жылы 5 түрлі қызмет көрсетті.
Мемлекеттік қызметтерді "Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Заречный ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ көрсетеді.
2021 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Заречный ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 47 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
45 (95,7%) Мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік органдар арқылы көрсетілген, 1 (2,1%) Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген, "электрондық үкімет" порталы арқылы 1 (2,1%) қызмет көрсетілген.
Бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 5 Қызмет түрі, ақылы негізде 0 Қызмет түрі ұсынылады.

2. Қызмет алушылармен жұмыс.

"Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Заречный ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері қызмет алушыларға қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда.
Ата-аналар қауымы мен мектеп ұжымы портал арқылы әр түрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі туралы хабарландырылды e.gov.kz.
2021 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарау, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мектеп әкімшілігінің біліктілігін арттыру, қызмет алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдау.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.


Жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация арқылы алу мүмкіндіктері туралы білім беру процесіне қатысушылармен түсіндіру жұмыстары, Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету және жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында және мектеп сайтында "электрондық үкімет" порталы жалғасатын болады.
Жалпы, 2022 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.

 

 

Мектеп директоры:                                  Сапарова Е. С.

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст