"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп тарих және құқық апталығын өткізу туралы

21.01.2021

 

2020-2021 оқу жылының 7 желтоқсанынан 11 желтоқсанына дейін
Заречный ОМ тарих және құқық апталығы өтті

Мақсатты аудитория: 5-11 сынып оқушылары
Онкүндік мақсаттары:
- Тарих пен құқықты зерделеуге ынталандыру мен қызығушылықты арттыру.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін анықтау үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Міндеттері:
- Аптаны ұйымдастыру және өткізу үшін барлық оқушыларды тарту.
- Әр сыныпта оқушылардың танымдық қызметін дамытуға ықпал ететін іс-шаралар өткізу.
- Педагогтердің кәсіби қарым-қатынасы, өзін-өзі жүзеге асыруы және шығармашылық әлеуетінің өсуін ынталандыру үшін жағдай жасау.

7 желтоқсан-тарих және құқық апталығының ашылу күні. Әр сынып апта жоспарымен таныстырылды, онда іс-шаралардың атаулары мен өткізу мерзімдері айтылды. Осы күні "Тест - тренажер" интерактивті ойыны өткізілді, оған 5-6 сынып оқушылары белсенді қатысты.
8 желтоқсан күні өлкетану жұмысы бірінші негізгі бағыт болып табылатын "Туған жер" бағдарламасы аясында 9-10 сынып оқушыларымен саяхат – сабақ өткізілді, онда балалар "Қасиетті Қазақстан: бастауларға оралу" тақырыбында дайындалған презентацияларды көрсетті»
9 желтоқсанда зияткерлік қабілеттерін анықтау үшін 5-7 сынып оқушылары қатысқан "өткеннің ізімен" атты тарихи кроссвордтар конкурсы өткізілді.
10 желтоқсанда апталықты өткізу жоспарына сәйкес 7 және 8 сыныптарда "ғасырлар арқылы саяхат"атты интеллектуалды – танымдық ойын өтті. Бұл ойын ҚР Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орайластырылған. Ойын барысында әр сыныпта балалар үш командаға бөлінді (1 қатар – 1 команда). Балалар қойылған сұрақтарға жауап берді, онда әр сұраққа белгілі бір ұпай сәйкес келді.
11 желтоқсанда 11 сынып оқушыларымен "Құқықтық доңғалақ" құқықтық викторинасы өткізілді, онда құқық саласындағы білім көрсетілді.

Тарих және құқық апталығы мұғалімдер мен оқушылардың тығыз ынтымақтастығында өтті.


Тарих пәні мұғалімдері: Алибекова и. в.

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст